№47 орта мектеп асханасының жұмысы туралы сараптама. 2019-2020 оқу жылы
№47 орта мектеп асханасының жұмысы туралы сараптама.
2019-2020 оқу жылы
№47 орта мектепте 1608 оқушы бар. Аталған оқушылардың ішінде 480 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Мектеп асханасы 1 қабатта орналасқан. Жалпы көлемі 330,7 кв.м. оның ішінде асхана 200,7 кв.м.- тамақтану залы 130 кв.м. Асхана қажетті құрал жабдықтармен толық жабдықталған.
Бүгінгі күнде асхананы ИП «А.Ермекбаева» жалға алып отыр.
ИП «А.Ермекбаевамен» мектеп арасында 09.01.2020 ж №1 келісім шарт жасалды.Келісім шарттан бөлек «ИП Ермекбаева А» 35 оқушыға демеушілік көмек көрсетіп, оқушыларды тамақтандыруда.
Комиссия құрамын тағайындау туралы мектеп директорының 04.09.2019 жылғы №139 бұйрығы шығарылған. Мектеп медбикесі Г.Құнанбаева күнделікті екі ауысым бойынша тамақтың сапасын, мөлшерін қатаң бақылап отырады. Бракираж, асхана қызметкерлерінің денсаулығын бақылау жұрналдары қатаң түрде жүргізілуде.
Қыркүйек айында №1 педагогикалық кеңесте Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды;
Қыркүйек айында директор жанындағы кеңесте «Мектептегі асхана қызметін ұйымдастыру» мәселесі талқыланған;
27.08.2019 жылы «Қамқоршылық» кеңес отырысы ұйымдастырылып жалпыға бірдей міндет қорынан жұмсалған қаражат есебі, азқамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамту мәселелері талқыланды.